СҚО-да бес адам балық аулап отырған мұз жағалаудан бөлініп, көлдің ортасына кетіп қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Үлкен Тораңғыл көлінде бес балықшы суға батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Корнеевка ауылының тұрғындары мұзда абай болу туралы ескерту мен көл бетіндегі мұздың жарылып жатқанын көрсе де, елемеген.

Олар балық аулап отырғанда, астындағы мұз жағалаудан бөлініп, жүзе бастаған. Көмек келіп жеткенше балықшылар көлде 300 метрге дейін жүзген.

Балықшыларды су айдыны маңында кезекшілігін атқарып жүрген құтқарушы Вячеслав Яковлев жағаға жеткізді. Ол трактор көмегімен моторлы қайықты суға түсірген және бес балықшыға өз бетінше ештеңе істемеуді тапсырған.

«Вячеслав Яковлев балықшыларға құтқарушы жилетті кигізіп, бір-бірлеп жағалауға жеткізген. Бұл операция бір жарым сағатқа созылды. Құтқарушы балықшыларға мұз ұстінде балық аулауға болмайтынын қатаң ескертті. Ол өзін ерлік жасадым деп санамайды» деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.




Соңғы жаңалықтар