СҚО-да Батыр Баян атындағы спорт кешені ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Булаев қаласында батыр Баянның есімі берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нысанның құрылысы былтыр тамыз айында басталды. Оған аудан бюджетінен 107 млн теңге қаржы жұмсалған. 1 100 шаршы метрді алып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде фитнес, ауыр атлетика, тренажер, әмбебап ойын залдары бар.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев спорт саласына өте үлкен мән береді. Жақындағы Жолдауында спорт саласын әрі қарай дамытуға, 100 жаңа нысан салуға тапсырма берді. Бүгін осы тапсырма өңірде облыс әкімінің басқаруымен орындала бастады», дейді шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Спорттық кешеннің салтанатты ашылуында Мағжан Жұмабаев ауданында бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосқан 113 азамат алғыс хатпен, құрмет грамотасымен марапатталды.

«Үлкен залда волейбол, футбол, баскетболдан секциялар ұйымдастырылады.Сонымен қатар келушілер күреспен шұғылданады. Күніне түрлі жастағы жүзге жуық адам келеді деп жоспарлап отырмыз. Кешенде кәсіби спортшылармен қатар әуесқой спортшылар да келе алады. Бұл кешен қосымша білім беру орталығына берілді», - дейді М.Жұмабаев ауданындағы қосымша білім беру орталығының директоры Аслан Біралин. 

Автор: Ақерке Дәуренбекқызы

Соңғы жаңалықтар