СҚО-да бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес азық-түлік дүкендері мен кейбір әлеуметтік мекеменің жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін коронавирусқа қатысты СҚО-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен брифинг өтті. Облыстың бас санитария дәрігері Арман Күшбасов жаңа қаулымен таныстырды. Жаңа қаулы 23 қараша күшіне енеді.

СҚО аумағында карантин шектеуі негізінен бұрынғысынша қалады. Тек азық-түлік дүкендерінің жұмыс кестесіне өзгерту енгізіліп, кей нысандар уақыты қызметін тоқтатпақ.

«Азық-түлік дүкендері мен күнделікті тұрмысқа қажет тауар сататын сауда орындары бұрын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істесе, енді сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін ұзартылды.

Қоғамдық моншаларға сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін (жалпы залмен, жеке кабиналарсыз) 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес, 50 адамнан аспайтын, бірақ сыйымдылығы жобалық қуатының 50% -нан арттырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда саунаның жұмысына шектеу қойылды.

Мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық кампаниялар, басқа ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 57, 58 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуі қажет. Сонымен бірге жұмысшылардың кем дегенде 80% қашықтан еңбек етеді (штат кестесі 30-дан астам қызметкерден тұратындар үшін), штат кестесі 30 адамнан кем болса, қызметкерлердің кемінде 50% қашықтан жұмыс істейді», - деді Қаулыдағы өзгерістермен таныстырған СҚО-ның бас санитария дәрігері Арман Күшбасов.


Соңғы жаңалықтар