СҚО-да барлық оқу орындарының басшылары бірінші қабатқа көшіріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да жазғы демалыс кезеңінде оқу орындарының басшыларын бірінші қабатқа ауыстыру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік мекемелердің басшыларын бірінші қабаттарға көшіру, кедергісіз фронт-офистер, бэк-офистер, open-space кеңістіктер құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Петропавлда 2 қалалық полиция бөлімінің ғимараты ашылды. Кезекші бөлім, кең акт залы, қызметкерлерге арналған кабинеттер мен асхана орналасқан жаңа ғимарат уақыт талаптарына сәйкес келеді және фронт-кеңселердің жұмысын қамтиды. Мұндай офистер Петропавл қаласының №2 сотында және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында да ашылған, олар бір әкімшілік ғимаратта орналасқан.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Елена Степаненконың айтуынша, осындай фронт-кеңселер бірінші жартыжылдықтың соңына дейін облыстық сотта және Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ашылатын болады.

«Облыстың білім басқармасымен бірге қазіргі уақытта балалар үйлерін балаларды қолдау орталықтарына айналдыру мәселесі қаралып жатыр. Петропавл қаласының барлық мектептерінде бар арнайы құрылған шоттарды демеушілік қаражатпен толықтыруға болатындай смарт-банкинг қосымшалары құрылды. Биыл сәуір айында Петропавл қаласының №26 мектебі, Best гимназиясы және қазақ мектеп-гимназиясы директорлары кабинеттерін 1 қабатқа ауыстырды», - деді Елена Степаненко.

Бұдан басқа департамент басшысының айтуынша, «Қызылжар - адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп №3 қалалық емхананы трансформациялау жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау ұйымының базасында пациенттерді смарт-маршрутизациялау іске асырылды және электрондық кезек іске қосылды.

Электрондық кезекті ұйымдастыру үшін талондарды беретін 2 терминал, аудиа хабарлаушысы бар 5 экран орнатылды. Осы кабинеттерде дербес компьютерлер электрондық кезекті басқарудың бағдарламалық кешенімен қамтамасыз етілген. Қалалық емханаларда еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары QR-кодымен таңбаланады.

Соңғы жаңалықтар