СҚО-да балықшы көлігімен жардан құлап, мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне балық аулауға келген тұрғын көлігімен жардан сырғанап кетіп, суға батты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен аптада Қызылжар ауданында екі қайғылы оқиға тіркелді. Салдарынан екі адам қаза тапты. Оған белгіленбеген жерде суға шомылу және қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Қызылжар ауданы Прибрежное елдімекенінің маңындағы Есіл өзеніне балық аулауға келген тұрғын сақтық шараларын сақтамаған. Жеңіл көлігін суға жақын әкеп қоймақ болған ол сырғанап кетіп, суға құлаған. Балықшының жансыз денесін жедел-құтқару отрядының мамандары өзеннен алып шықты. Тағы бір оқыс оқиға маусымның 30-ы күні болған.

«Қызылжар ауданының Белое ауылы маңындағы қолдан жасалған көлде 1988 жылғы азамат суға кетті. Ол жолдастарымен демалуға келген екен. Суға секірген 31 жастағы жігіт қайтып су бетіне шықпай, сол жерде мерт болды. Бұл орын суға түсуге арнайы жарақтандырылмаған. Өкінішке орай тұрғындар біздің ескертпемізге мән бере қоймайды», - дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс офицері Марат Мұратов.

Мамандардың айтуынша, судағы қайғылы оқиғалардың 70% ішімдік ішудің салдарынан болады екен. Жыл басынан СҚО-да 10 адам суға кетсе, соның тең жартысы мас болған.

Соңғы жаңалықтар