СҚО-да балаларға арналған өнімдердің қауіпсіздігі тексерілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер қауіпсіздігіне мониторинг жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қоамдық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері мамандар 193 cауда орнынан өнім сатып алып, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың 270-тен астам сынамасын зерттеген. Соның ішінде балалар ойыншықтарының 155 сынамасы бар.

«89 сынамала техникалық талаптарға сәйкес келмеді. Соның ішінде таңбалау, органолептикалық көрсеткіштер, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштер нормадан ауытқыған», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Техникалық қағидатқа сәйкес келмейтін өнімдердің көбі өңірге Қытай, Ресей және Украинадан жеткізілген.

«Өнімдердің таңбалануы нақты, тексеріле, оқыла алатын және тексеру, сәйкестендіру үшін қолжетімді болуы тиіс. Ол бұйым, заттаңба, қаптаманың немесе өнімнің қосымша парағына салынады. Өнімді таңбалауға ол шығарылған елдің атауы, өндірушісі, импорттаушысы, дистрибьюторының атауы мен орналасқан жері, өнімнің атауы, оның түрі мен тағайындалуы, егер қажет болса - шығарылған күні, нарықтағы бірыңғай белгісі, қызмет және кепілдік мерзімі,  тауарлық белгі кіреді», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар