СҚО-да балалар арасында коронавирус жұқтыру 8,5 есе артты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші соңғы бір айда 8,5 есе артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Аймановтың айтуынша, биыл СҚО-да 829 бала коронавирус жұқтырған. Олардың 621-і тәуір болды. Өкінішке орай, бір жастан енді асқан сәби қайтты.

Қазір 207 бала дәрігерлердің бақылауында болса, облыстық балалар ауруханасында 42 бала ем қабылдап жатыр.

«КВИ жұқтырған балалардың ішінде аса ауыр жағдайлар жоқ. Олардың бәрінде де орташа деңгей. Бұрын балаларда жеңіл өтетін, негізінен ауру белгісі болмайтын. Қазір балалар дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынып түседі. Жалпы шілде айында балалар арасында коронавирусты жұқтырғандар саны 8,5 есе өсті. Госпитализация 4 есе артты. 165 бала амбулаторлық ем алып жатыр», - дейді Нұрлан Айманов.

Жалпы СҚО-да амбулаториялық ем алып жатқандардың саны 6 есе өсіп отыр. Егер маусым айында олардың саны 250 болса, қазір 1585-ке жеткен. Олардың барлығы ауырып жатқандар, яғни дене қызуы бар, пневмония диагнозы қойылғандар.

«Ауырғандардың 80 %-ында «Дельта» штамы белілері бар. Яғни ауру өте жедел дамиды. Инфекцялық стационарларға түсіп жатқандармен әңгімелескен уақытта, олар: Бурабайда болдым, анда бардым, тойда, батада, жылында, тұсау кесерде, тағысын тағыларда болдым деп айтады. Өзіміз де байқап жүрміз, соңғы уақытта барлық отбасылық іс-шаралар үйде өтетін болған. Мұның бәрін қою керек. Әзірге медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай осылай жалғасатын болса, жоспарлы госпитализацияны уақытша тоқтатуға тура келеді», - дейді Нұрлан Айманов.


Соңғы жаңалықтар