СҚО-да Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Азия чемпионатының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесіп, оларды абыройлы өнер көрсетулерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құмар Ақсақалов спортшыларға және бапкерлеріне құрмет грамоталарын, алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар табыс етті.null

Қытайдың Сиань қаласында өткен Азия чемпионатында еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов алтын жүлдені жеңіп алды. 70 келі салмақта күресетін балуан ақтық сында жапондық Коджира Шигумен кездесіп, 9:0 есебімен жеңіске жетті. 20 жастағы спортшы ел күресі тарихындағы ең жас чемпион атанды.

Солтүстікқазақстандық велоспортшылар үздік екендіктерін тағы бір дәлелдеді. Жандос Бижігітов пен Артем Захаров топтық жарыста биік тұғырдан көрінді. Олар Ташкент қаласында өткен додада алдарына жан салмады. Наталья Сайфутдинова мен Махаббат Үмітжанова күміс жүлде алды. Алина Саркулова топтық веложарыста «қолаға» ие болды. Жеңіл атлеттер Маргарита Мұқашева мен Михаил Литвин жүгіруден қола жүлде алып, Әлем чемпионатының нормативін орындады.null null

«Біздің спортшыларымыз жыл сайын жеңістерін еселеп, жақсы көрсеткішке қол жеткізуде. Спорттық нысандардың материалдық-техникалық базасын жақсарту өз нәтижесін беріп жатыр. Біз болашақта да талантты спортшыларға кәсіби тұрғыда өсу үшін бар жағдайды жасаймыз. Күзде дарынды балаларға арналған спорт колледжі ашылады. Бұл қадам өңірдегі спортты дамытуға үлкен серпіліс береді. Оған қоса, өзіміздің спорттық кадрларды дайындау да маңызды іс екенін атап өткім келеді», - деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар