СҚО-да әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер әйелдерге қаржылай емес қолдау көрсететін, олардың экономикалық белсенділігін арттыруды мақсат еткен орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай орталықтар былтыр Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында ашылды, енді еліміздің басқа өңірлері мен ірі қалаларда пайдалануға беріліп жатыр.

Ұлттық статистика деректеріне сүйенсек, республикада әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі - 42,3 %. Олардың көпшілігі - шағын және орта бизнес және осы саладағы жұмыс орындарының 31,4 %-ын ұсынып отыр.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметовтің айтуынша, орталық ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектердің стартап-жобаларынды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруды мақсат еткен. Сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен түрлі іс-шараларға қатысып, бірқатар қызметтерді ала алады.

«Әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып келеді. Әйелдер біздің оқыту бағдарламаларымызға да белсенді қатысады. Мысалы, «Бастау Бизнес» жобасы жұмыс істеген бес жыл ішінде біз 8 мыңға жуық жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған солтүстікқазақстандықтарды оқыттық, олардың 42,6 %-ы – қыз-келіншектер. Бұл бүгінгі таңда әйелдердің ерлермен тең жұмыс істеуге және тіпті бизнесте оларға лайықты бәсекелес болуға дайын екендігін көрсетеді», - дейді Әлібек Ашметов.

Орталық қолдау шараларының түрлеріне, оқытуға қажеттілікті зерделейді, сондай-ақ әйелдер бизнесінің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтайды.

«Біздің көпшілігіміз бизнесте бұрыннан жүрміз. Бұрын кәсіпкерлікті қолдау, оқыту бағдарламалары, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін мұндай құралдар болған жоқ. Өз қателігімізбен, «құлап-тұрып» үйрендік. Бүгінгі таңда мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлуі – бұл өте маңызды. Кәсіпкерлер палатасы бар, ол ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қарапайым кеңес беруден бастап, жобаларды сүйемелдеуге дейін тегін қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Мен құрамына кіретін іскер әйелдер кеңесі жұмыс істейді, енді міне, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Мұндай қолдау шын мәнінде адамдарға табыс табуға, өз отбасын асырауға, дамуға және өңір мен ел экономикасына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», - дейді жеке кәсіпкер Татьяна Симонова.


Соңғы жаңалықтар