СҚО-да әйел 30 жыл бойы еш құжатсыз тұрып келген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Қарақоға елді мекенінің тұрғыны Диана Пиданова 30 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке құжатты алуға оның туу туралы куәлігінің жоқтығы себеп болған.

«Құжаттарды ресімдеуге және Қазақстанның азаматы екенін растау үшін оның әкесін анықтау қажет болды. Ол үшін қымбат тұратын генетикалық сараптаманы жасату керек. Облыстық миграциялық қызмет басқармасының мамандары адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюродан көмек сұрады. Ұйым сараптаманы жасауға көмектесіп, бар шығынды көтерді», - дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Сондай-ақ Возвышенка елді мекенінде тұратын зағип ер адам 1974 жылғы үлгідегі паспортпен жүрген. Тиісті органдарға барып, өздігінен құжатын жаңалауға оның шамасы болмаған. Полицейлер оған тиісті тәртіп бойынша құжатын ресімдеп алуға көмектесті.

«Біреулері құжаттарын жоғалтады, енді бірі ескі кеңестік паспорттарын ауыстырмаған. Араларында туғаннан құжат алмағандар бар. Бәріне көмектесуге тырысамыз», - дейді миграциялық қызмет басқармасының бөлім бастығы Айгүл Құнанбаева.

Жыл басынан облыста 3 мыңға жуық адам құжат алған.

Соңғы жаңалықтар