СҚО-да аяз салдарынан жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 23 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының күре жолдарында дизельді отынмен жүретін көліктік құралдардың қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Облыста ауаның температурасы түнде 40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 2015 жылдың 23 қаңтарында сағат 22-ден бастап облыс аумағында жалпы қолданыстағы көлік жолдарында дизельді отынмен жүретін жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жүргізушілерден аталған ақпаратты есепке алып, тәуекелге бел байламауларын сұраймыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар