СҚО-да автобус жүргізушілері тарапынан 663 бұзушылық анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 4 қазаннан бастап «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Автобус» операциясының мақсаты - қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан болатын заң бұзушылықтардың алдын алу. «Автобус» республикалық жедел-алдын алу шарасы 13 қазанға дейін жалғасады.

Іс-шараның бірінші күні полицейлер, СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері, экология департаменті мамандары, сондай-ақ СҚО бойынша Бірінші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының қатысуымен профилактикалық рейд өтті. Петропавлдағы Набережная көшесіндегі соңғы аялдамада газ талдағышты пайдалана отырып, экологтар № 20 және № 6 екі маршруттық автобустарда шығарындыларды өлшеді, ластаушы заттар белгілі нормадан көп болып шықты. Патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 334-бабы бойынша хаттамалар толтырды.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, рейдтер жолаушылар мен автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Жыл басынан мұндай іс-шара үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Қаңтар және маусым айларында өткізілген «Автобус» операциясында жүргізушілер тарапынан 663 заң бұзушылық анықталды. Автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, осы жылдың 9 айында облыс жолдарында 122 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 163 адам жарақат алып, 23 адам қайтыс болған. Маусымаралық кезең қарсаңында; жаңбыр, көктайғақ және боран кезінде полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.



Соңғы жаңалықтар