СҚО-да автобус және такси жүргізушілері 2 мыңнан астам рет жол ережесін бұзған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер төрт күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 485 жолда жүру ережесін бұзу әрекетін тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, тәртіп бұзу әрекеттерінің ең көбі көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлесумен байланысты болып отыр. Қоғамдық көлік жүргізушілері жылдамдықты асырып, маневрлеу ережелерін бұзып, көлікті тиісті құжатсыз басқарып, автобустарды заңсыз қайта жабдықтаған.

«Жыл басынан бері автобус және такси жүргізушілері 2 мыңнан астам құқықбұзушылық жасаған. «Автобус» жедел-алдын алу шарасының басты міндеті - оларды жолда ереже сақтауға шақыру», - деп атап өтті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдын Байматов.

Жыл басынан бері облыста жолаушылар көлігінің қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Таяуда Петропавлда автобус жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен келе жатқан жасөспірімді қағып кетті.
null null null 

Соңғы жаңалықтар