СҚО-да ауылдық округтің әкімі шағылды барлауға заңсыз рұқсат берген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы тәртіптік кеңестің отырысында Ақжар ауданындағы Ақжар ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Бұл туралы Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің СҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Күн тәртібіне 7 мәселе енгізілген, соның 6-ауы жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны және мемлекеттік қызметкерлердің ар-ождан кодексін сақтамағыны туралы тәртіптік іс болды.

«Табиғатты қорғау прокуратурасының материалдары бойынша, қолданыстағы заңнаманы бұзып, өкілдігі болмай, ауылдық округтің аумағында шағылды барлау және пайдалануға заңсыз түрде рұқсат берген Ақжар ауданындағы Ақжар ауылдық округінің әкіміне қатысты іс қарастырылды. Жемқорлық құқық бұзушылығы үшін әкімге қызметке лайық еместігі туралы ескерту жасау кеңес етілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар