СҚО-да ауылдарды сумен қамтуға биыл 10,7 млрд теңге бөлінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауылдардағы су желісін жөндеп, іске қосуға биыл 10,7 млрд теңге бөлінді, бұл қаржы өткен жылдан 1,6 есе артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігі жылды қорытындылап, биылғы міндеттерді айқындады. Өткен жыл пандемияға байланысты ауыр болғанымен әр салада жетістік бар. Өңір көптеген көрсеткіш бойынша ел көлемінде алдыңғы орындарда келеді. Бұл жұмыстардың барлығы халықтың тұрмысын жақсартып, әл-ауқатын арттыру мақсатында жасалып жатыр.

Мәселен, 2020 жылы сумен қамтуға 6,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 76 елдімекен тұрғындарына сапалы суды жеткізу үшін жұмсалды. 335 шақырым су желісі күрделі жөнделді, 2900 үйге су тартылды. Қазір ауыл тұрғындарының 82 %-і сапалы ауыз сумен қамтылған.

«Биыл да бұл жұмыстар жалғасады. Сумен қамтуға 10,7 млрд теңге бөлінген, бұл былтырғыдан 1,6 есе артық. Өткен жылдары ауылдардағы тарату желілерін қалыпқа келтірдік. Елді мекен тұрғындарын тұрақты түрде сапалы сумен қамту үшін топтық су желілерін жөнге келтіру қажет. Сол себепті осы жұмыстарға қаржыны біз өткен жылғыдан 5 есе артық бөлдік, 1,1-ден 5,8 млрд теңгеге жеткіздік. Бұл негізгі суіркуіш құрылыстарды, 3 ірі сорғы стансасын, таза суға арналған 2 резервуарды және басқа да нысандарды жөнге келтіруге мүмкіндік береді», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Ауылдардағы үйлерге су кіргізу жұмыстары да жалғасады. Биыл жоспар бойынша 3 мың баспанаға су үйге тартылмақ.

«Тұрғындардың үйлеріне су кіргізуге кететін шығынын барынша азайту қажет. Бұл біздің қолымыздан келеді. Ол үшін құдықтардың санын арттыру керек. Бұл үй мен желіге қосылу ара қашықтығын азайтады. Сумен қамту бойынша тарату желілерінің жобасын жасағанда осыны ескеруді тапсырамын», - деді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар