СҚО-да ауылда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ның Мүсірепов ауданында заманауи техникамен жабдықталған өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Ғ.Мүсірепов ауданының Бірлік ауылында ауданда ЖШС базасында құрылған бірінші өрт бекетінің ашылу салтанаты болып өтті. «Әліби-Ишим» ЖШС-нің өрт сөндіру бекеті Бірлік және Старобелка ауылдарында өрт қауіпсіздігін сақтап, қамтамасыз етуге бағытталған», - деп ақпараттандырды СҚО ТЖД Ғ.Мүсірепов аудандық ТЖ бөлімінің инженері Шоқан Қалиқайдаров.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Павел Филиппов шара барысында тұрғындардың қауіпсіздігі - бәрінен жоғары екенін атап өтті.

Бекеттің ашылуы ерікті өрт сөндірушілерді қосымша ынталандырып, өртпен тиімді күрес жүргізуге көмектеседі, ауылдағы өрт қызметінің имиджін арттырады.

Соңғы жаңалықтар