+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтарға сеніп, 2 млн теңге несие алып берген

2021 жылғы 23 сәуір 02:08
Бөлісіңіз:
СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтарға сеніп, 2 млн теңге несие алып берген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтар ауыл тұрғынына 2 млн теңге несие алғызған. Кейін ол ақшаны өз шоттарына аудартып, ер адамды тақырға отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қарапайым заттар экономикасы»: Несиені субсидиялау мерзімі 10 жылға ұзартылды Асқар Мамин: 47 мың жобаға 2,5 трлн теңге жеңілдетілген несие беріледі Биыл шағын және орта бизнеске 2,5 трлн теңге несие беріледі

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау ауданының қарапайым жұмысшысы интернет-алаяқтардың құрығына түсіп қалған. Ер адамды қылмыскерлер соңғы кезде кең таралған әдіспен алдаған.

Ауыл тұрғынының айтуынша, оған телефонмен белгісіз әйел хабарласып, тұтқаны банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне беретінін айтқан. Ер адам оған банк шотын белгісіз біреулердің бұғақтағанын, сол себепті жаңа шот ашу қажеттігін түсіндірген. Психологиялық қысым жасап, «егер жаңасын ашпасаңыз, ақшаңызды бұдан былай көрмейсіз, шотыңыздан үнемі жоғалып отырады» деп қорқытқан.

Қылмыскердің арбауына түскен ауылдық 2 млн теңге несие рәсімдеп, оны алаяқтар берген жаңа карточкаға аударған. Бүкіл құпия сөзді айтып берген. Олармен байланыс үзілген уақытта ғана өзінің алданғанын түсініп, бірден полицияға арызданған.

«Қазір бұл дерекке қатысты жедел-тергеу шаралары қолға алынды. Ер адам қылмыстың бұл түрі туралы бұрын естіген, бірақ мән бермеген. Жалпы ауданда интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Ескерту мақсатында аудандық газетте, әлеуметтік желілерде бірнеше мақала шықты. Кісі көп жүретін жерлерде бейнероликтер жүріп жатыр. Белгісіз біреулер қоңырау шалған жағдайда байланысты үзіп, шотты тексеру үшін банкке баруға кеңес береміз. Жеке, құпия мәліметтерді ешкімге бермеңіздер», - дейді Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT