+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

СҚО-да «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 18 жоба жүзеге асады

2020 жылғы 21 қаңтар 19:49
Бөлісіңіз:
СҚО-да «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 18 жоба жүзеге асады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл тоғыз елді мекен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының шарапатын көреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 1 мыңнан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады Төлеби ауданының әкімі ауыл тұрғындарының мәселелерімен танысты Түркістан облысының диқаншылары қырыққабат егуді бастады

СҚО-да былтыр мемлекеттік бағдарлама 26 мың адамды қамтитын 3 елді мекенде – Саумалкөл, Бескөл және Талшықта жүзеге асырылды. 19 жоба жоспарланған болса, соның 17-сі іске қосылды. Қалғаны биылға қалдырылды.

СҚО Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Саумалкөлде жылу беру жүйесінің құрылысы аяқталмады. Сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және өнер мектебін қалпына келтіру жұмыстары биыл жалғасып, пайдалануға беріледі.

Ал 2020 жылға өңірге республикалық бюджеттен 1 млрд 776 млн теңге 1-траншпен берілмек. Бұл қаражат төрт елді мекеннің – Бескөл, Явленка, Саумалкөл және Асановоның коммуналдық-инженерлік, әлеуметтік жағдайын және көліктік инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады.

Екінші траншпен республикалық қазынадан 2072,6 млн теңге, жергілікті бюджеттен 888,2 млн теңге бөлінбекші. Бұл қосымша тағы 10 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, биыл тағы Арықбалық, Кирилловка, Советское, Пресновка және Новоишимка елді мекендерінде бірқатар жұмыстар атқарылады.

Жалпы 2020 жылы СҚО-да 52 мың тұрғыны бар 9 елді мекенде 18 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT