СҚО-да аутист балалармен айналысатын мамандар тапшы

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Сәуірдің 2-сі - Дүниежүзілік аутизм мәселесі бойынша ақпарат тарату күні. Осыған орай елімізде 1 апта бойы аутизмге шалдыққан балалардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Аймақтық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте белгілі болғандай, Солтүстік өңір - аутистік спектрі ауытқыған балалар саны бойынша республикада алдыңғы үштікке еніп отыр.

Мамандардың айтуынша, СҚО-да 2010 жылдан бастап аутизм дертіне шалдыққан бүлдіршіндер саны күрт өскен. Осыдан 9 жыл бұрын тек 31 балаға ғана бұл диагноз қойылса, бүгінгі күні олардың саны 416-ға жеткен. Оның 236-сы Петропавл қаласынан.

«Былтыр Петропавлдағы №21 орта мектепте осы дертке шалдыққан 7 балаға арналған қолдау кабинеті ашылды. Балалар сабақтан тыс уақытта келіп, бұл жерде олардың қабілетін дамытуға арналған жаттығулар жасайды. Биыл тағы қаладағы № 23,27,43 мектептерде де осындай кабинеттер ашылмақшы», - дейді СҚО әкімдігі білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Татьяна Протопопова.

Ал облыстық инклюзивті коррекциялық мектеп-интернатында 37 бала оқиды. Петропавл қаласындағы 6 балабақшада 15 арнайы топ ашылған. Алайда аутист балалармен айналысатын мамандар тапшы. Мамандардың айтуынша, қазір СҚО-да жалғыз ғана балалар психиатры жұмыс істейді екен.

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай облыста көптеген іс-шаралар жоспарланған. Мәселен, сырқат балалар А.Винокуров атындағы спорт сарайына, театрларға, оқушылар сарайына саяхат жасайды, түрлі акциялар мен мерекелік шаралар өтеді.

Соңғы жаңалықтар