СҚО-да ауруханаларға 1 млрд теңгенің заманауи қондырғысы орнатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін биыл 3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қаражат өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есе артық. Қазірдің өзінде өңірдің ауруханаларына 1 млрд теңгенің заманауи қондырғысы жеткізілді.

СҚО ауруханаға компьютерлік томограф сатып алынса, облыстық онкологиялық диспансерге цифрлы маммограф әкелінді. Аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға соңғы үлгідегі 4 ультра дыбыстық зерттеу аппараттары қойылды. Солтүстікқазақстандықтарға енді қымбат тексерулерден өтіп, емделу үшін Ресейге немесе елордаға барудың қажеті жоқ.

Жақында облыстағы жалғыз, алайда ескірген, жүргенінен істемей тұрғаны көп магнитті резонанстық томографтың орнына жаңасы алынбақ. Бұл қондырғы осыдан 11 жыл бұрын сатып алынған екен. Мамандардың айтуынша, бүгінде МРТ жиі істен шығады, жаңғыртуға жарамайды. Сондай-ақ облыстық ауруханаға келесі жылы ангиографты сатып алу жоспарланған.

Бұдан басқа облыстың емдеу мекемелерінің автопаркін жаңарту үшін 20 санитарлық көлік алу жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандарына да ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілмек.

Соңғы жаңалықтар