+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

СҚО-да аудандық ІІБ-нің экс-басшысы бес жылға сотталды

2018 жылғы 26 қаңтар 13:05
Бөлісіңіз:
СҚО-да аудандық ІІБ-нің экс-басшысы бес жылға сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық сотында Тайынша ауданы ішкі істер бөлімінің бұрынғы басшысы Петр Мартынюкке қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұрынғы полицейге ҚР ҚК 190-бабы 3 бөлігінің 1,2 тармақтары «Алаяқтық» бойынша айып тағылды. Тергеу материалдарынан келтірілген деректерге сүйенсек, аудандық ІІБ басшысы лауазымында жүріп ол Е.Антаевқа қатысты қылмыстық істі жеңілдетіп бермекші болған. Өз қызметін асыра пайдаланған тәртіп сақшысы ұсынған «қызметі» үшін Е.Антаевтің ағасынан 1,8 млн теңге талап еткен.

«ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігінің 1,2 тармақтары «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылған Петр Мартынюкке мүлкі тәркілене отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы шеттетіліп, «полиция полковнигі» арнайы шенінен айырылсын», - деп Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазин үкімді оқыды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы Дарын Нұрсапар

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT