+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

СҚО-да аудан орталықтары кешенді түрде дамытылады

2020 жылғы 22 қаңтар 06:38
Бөлісіңіз:
СҚО-да аудан орталықтары кешенді түрде дамытылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт ауданда биыл 592 млн теңгеге жылу желісі тартылып, бірқатар әлеуметтік нысандардағы және 1200 тұрғыны бар 38 көппәтерлі үйдегі жылу беру жүйесі қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда аудан орталықтарының да  ажары артады – Асқар Мырзахметов

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында аудан орталықтарын дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті. Өңір басшысының айтуынша, бүгінде бұл елді мекендерді кешенді дамыту қолға алынған.

«Мысал ретінде Саумалкөл елді мекенін айтуға болады. Көп жылдан кейін алғаш рет аудан орталығында бірден 18 көше жөнге келтірілді. Аурухана мен мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Ширек ғасыр жұмыс істемей тұрған бассейн қайта қалпына келтіріліп, іске қосылды. Жақында 800 балаға шақталған өнер мектебі пайдалануға беріледі. Саумалкөлде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Жыл сайын мұнда екі көп қабатты үйді қалпына келтіріп, іске қосып отырамыз», - деді Құмар Ақсақалов.

Былтыр аудан орталығында жылу желісін тарту жұмыстары басталды. Биыл жалғасын тауып, орталықтандырылған қазандық салынады. Бұл Саумалкөлдегі 20 көпқабатты үйді жылумен тұрақты қамтуға және тағы 5 көп қабатты үйді, әлеуметтік нысандарды қосуға мүмкіндік бермек.

«Бұрынғы аудан орталықтары да кешенді дамытудан өтеді. Арықбалықта биоқазандық орнатып, нәтижесінде 17 ғимаратты жылу беру жүйесіне қосу мүмкін болмақ. Олар: екі қабатты тұрғын үйлер, мектеп, мәдениет үйі, амбулатория мен мемлекеттік мекемелер. Арықбалықтағы көшелер орта жөндеуден өтеді, жарық орнатамыз. Бұл елді мекенге жаңа инвесторлар келді, олар мал шаруашылығында тың жобаларды жүзеге асырмақшы. 5 млрд теңге құяды. 10 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады. Бұл жұмыстардың барлығы бұрынғы аудан орталығының дамуына тың серпін береді», - деп жазды өңір басшысы.

Жалпы биыл облыстың аудан орталықтарында 12 биоқазандық орнатылады деген жоспар бар.

Ал төрт ауданда жылу желісін тартып, бірқатар әлеуметтік нысандарды және 1200 тұрғыны бар 38 көппәтерлі үйді жылу беру жүйесіне қосу үшін 592 млн теңге жұмсалмақшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT