+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да аудан орталығының тұрғындары карантинге қарамастан той өткізген

2020 жылғы 5 тамыз 19:23
Бөлісіңіз:
СҚО-да аудан орталығының тұрғындары карантинге қарамастан той өткізген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы коттедждердің бірінде той өтіп жатқаны туралы полицияға тұрғындар хабар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда құда күтіп, қыз ұзатқандарға 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді Ақтөбеде мерекелік шара өткізген дәмханаларға 7 млн теңге айыппұл салынды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бескөл ауылының тұрғындары 102 қызметіне хабарласып, коттедждердің бірінің маңында бірнеше көліктің тұрғанын және адамдардың көп жиналғанын айтқан.

Ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына автопатруль барып, шынымен де жиын болып жатқанына көз жеткізді. Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Мұхамадиев бұл жөнінде рейдте жүрген әкімдік, аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімі және полиция қызметкерлері енген мониторинг тобына хабарлады.

Топ мүшелері көрсетілген мекенжай бойынша келіп, тойдың үстінен түсті. Дастархан басында 50-ден астам қонақ отырған. Тойды жүргізген асаба да болған. Мониторинг тобы карантин кезіндегі іс-шараны фотоға түсіріп, бейнетіркеуге жазып алды. Материал шешім қабылдау үшін Қызылжар аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөліміне жіберілді.

Жәнібек Мұхамадиевтің айтуынша, Қызылжар ауданында карантин кезінде осымен үшінші рет той өткізілгені тіркелген.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT