СҚО-да астық қоймалары өртеніп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 4,8 мың шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылында астық сақталатын бос қоймалар отқа оранған.

«Қайранкөл» ЖШС аумағында орналасқан 1,6 мың шаршы метрлік бетон қойманың ағаштан жабылған төбесін жалын шарпыды. Қойма астық сақтауға арнап салынған.

«Күшті желдің салдарынан өрт жақын маңда орналасқан дәл осындай бос қоймаларға өткен. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері, жергілікті тұрғындар - жалпы 21 адам және 5 арнаулы техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар