СҚО-да «Астана - Володарское» бағытындағы пойыз іске қосылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Айыртау ауданының Саумалкөл ауылы жаңа «Астана - Көкшетау - Володарское» электр пойызын қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл «Володарское» стансасынан өтетін алғашқы электр пойызы болмақ. Бағдар әзірге аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері жүреді.

null«Осы бағдар ауданды дамыту үшін өте қажет еді. Біздің станса үшінші сыныпқа жатады, Павлодар, Қостанай, Қарағанды қалаларына пойыздар, тіпті «Брест - Қарағанды» рейсі де осы жерден өтеді. Стансаның тәуліктік жолаушы ағыны 50 адамды құрайды», - дейді станcа басшысы Алмас Кенжекеев.

nullПойыз алты вагоннан құралған, егер жолаушы саны артып жатса, тағы да екі вагон қосуға болады. Әр вагонда 376 орын бар. Астанадан «Володарское» стансасына дейін пойыз 5 сағат 35 минут жүреді. Билеттің бағасы оның класына қарай: 1943 теңге, 1810 және 1504 теңге, ал Көкшетаудан «Володарское» стансасына дейін 775, 725, 599 теңге.

 null  Жаңа бағдар Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен іске қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар