+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

СҚО-да әскери институттың офицері пара алды деген күдікке ілінді

2021 жылғы 29 сәуір 17:14
Бөлісіңіз:
СҚО-да әскери институттың офицері пара алды деген күдікке ілінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының офицері қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда аудан әкімдігінің қызметкері басшыларын иіссумен «сатып алмақ» болған - ВИДЕО Елордадағы академиялық орыс драма театрының басшыларына сот үкімі шықты Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Жыл басынан бері 178 пара беруші сотталған

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты батальонының командирі әшкереленді.

Ол әскери институт басшылығы тарапынан белгілеген тыйымға қарамастан, қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында ақшалай пара алды деген күдікке ілінді. Офицердің заңсыз әрекеті жайында Сыбайлас жемқорлық қызметке азаматтардың біреуі арызданған.

Күдікті ұсталып, Петропавлдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT