СҚО-да әскерге шақырылған 760 адамға іздеу жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында әскерге шақырлған 761 адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған ақпаратты облыс әкімдігінің мәжілісінде Қорғаныс істері департаментінің бастығы Алмаз Тілеуханов жария етті.

«Өткен жылы бұл көрсеткіш 784 болатын. Іздеу жарияланғандар саны айтарлықтай төмендеді деп айта алмаймыз»,-деді А.Тілеуханов.

Оның сөзінше, елімізде әскери қызметін өтеуден бас тартқаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу жауапкершілігі қарастырылған. Бұл дегеніңіз 12 мың теңгеден сәл ғана көп. Ресейде мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Қылмыстық Кодексте арнайы бап бар, алайда ол жұмыс істемейді. Егер әскерге шақырылған азамат өз еркімен шақырту бөліміне келетін болса, іс тоқтатылады. Ақпан айының соңында біз бұл мәселені министрлік деңгейінде талқыладық. Қазір бірқатар жобалар дайындалып жатыр»,-деді департамент бастығы.

Көктемгі шақырту маусымындағы тағы бір мәселе медициналық комиссияларда дәрігерлердің жетіспеушілігімен байланысты.

А.Тілеухановтың сөзінше, облыстық медициналық комиссияның құрамында окулист-дәрігер жоқ. Көптеген аудандарда окулист, лор, дерматолог, психиатр және невропатологтар жетіспейді. Шақыру науқанында ол дәрігерлер облыстық денсаулық сақтау мекемесінен шақыртылады. Қосымша медициналық тексеруден соң әскерге шақыртылған жастың дайындығы туралы шешім қабылдайтын адам болмай қалады. Өйткені ол кезде дәрігерлердің іссапар мерзімі аяқталады.

«Жергілікті әскери басқару органдарын автомобиль транспортымен қамтамасыз ету мәселесі де шешілмеген. Әскерге шақырылғандарға хабар беру, оларды іздеу, әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен кездесу үшін ауылдық аймақтарға шығуға, жұмысты ұйымдастыру үшін тиісті жерге баруға көлік бөлінбейді»,-дейді А.Тілеуханов.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов медкомиссияны дәрігерлермен қамтамасыз ету мәселесі жыл сайын талқыланатынын жеткізді. Оны жергілікті атқарушы органдар Қорғаныс департаментімен бірлесе отырып шешуі қажет. Биылғы жылы әскерге 600 адамды шақыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар