СҚО-да Ashyq жобасына қатысушыларға шектеулер жеңілдетілді
2022 жылғы 28 қаңтар 14:00

СҚО-да Ashyq жобасына қатысушыларға шектеулер жеңілдетілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік ведомствоаралық комиссия Ashyq жобасына қатысушыларға карантин шектеулерін жеңілдету шешімін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері жұмыс режимі бойынша шектеу алынып тасталды.

Эпидемиологиялық тәуекел (жасыл, сары, қызыл) аймағына қарамастан, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда шектеусіз жұмыс істей береді. Яғни салтанатты, еске алу, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізуге, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни объектілердің, ойын-сауық нысандары: ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караокелердің, сауда орталықтарының, сауда желілерінің қызметіне, бассейндердің жұмыс істеуіне рұқсат.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдарды жүзеге асыратындар үшін, отельдер, қонақ үйлер, әуежайлар, теміржол және автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері; ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, банктер; сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типіндегі қоғамдық тамақтану нысандары, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары үшін бейтарап «көк» мәртебе болған жағдайда шектеусіз кіруге болады.

Сауналардың, моншалардың, сауда алаңы 1000 шаршы метрге дейінгі сауда желілерінің қызметіне шектеулер алынып тасталды, оларға эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, барлық өңірлерде бейтарап «көк» мәртебе бойынша кіруге болады.

«Жасыл» аймақта мейрамханалар мен дәмханалар типіндегі қоғамдық тамақтану, ересектер мен балаларға арналған ойын және ойын-сауық орындары - бильярд, боулинг, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, океанариум, компьютерлік және лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер үшін келушілерде бейтарап «көк» мәртебе болған жағдайда шектеу алынып тасталды, бұдан басқа «сары» аймақта олардың толтырылуы 50 %-дан 70 %-ға дейін және «қызыл» аймақта 30 %-дан 60 %-ға дейін ұлғайтылды. Нысанның


Jańalyqtar

MURAǴAT