СҚО-да Ashyq арқылы 6,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Ashyq жобасына 3 мыңға жуық нысан қосылған. Қосымша арқылы үй карантинін бұзған, «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 675 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев Ashyq жобасының жұмысына қатысты есеп берді.

«Сары» мәртебесі бар, оқшаулануы тиіс тұрғындарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша 517 қаулы шығарылды. «Қызыл» мәртебесі бар 158 карантин бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға 6,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. ҚР басқа аумағында тұратын, СҚО-дағы нысандарға кірген 30 адамға қатысты материал шара қолдану үшін тұрғылықты жеріне жіберілді», - дейді Әсет Жұматаев.

СҚО-да қазіргі таңда Ashyq жобасына 2958 нысан қосылған.

«Ashyq жобасын қолдану өзекті болып қала бермек. Бұл бизнес субъектілеріне шектеу шараларында да және келушілерге қауіп төндірмей жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл қосымша карантин талабын бұзғандарды анықтауда үлкен сеп. «Қызыл» және «сары» мәртебесі барлар қоғамдық орындарға бару арқылы басқаларға қауіпті инфекцияны жұқтыру қаупін төндіреді. Сондықтан Ashyq жобасын қолдануды жалғастырамыз. Сондай-ақ мониторингтік топтарға жұмысты жандандыруды тапсырамын. Қазір өңірде ауырғандар саны азайып келеді. Бірақ қауіп бар, босаңсуға болмайды. Сол себепті де мереке қарсаңында жиналып отырмыз. Облыс тұрғындарын мереке күндері бәрімізге белгілі барлық санитариялық талаптарды ұстануды шақырамын. Ол әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, маска тағу, адам көп шоғырланған жерлерге бармау. Әйтпесе жаңа жылдан кейін ауырғандар саны күрт артуы мүмкін», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Желтоқсан айының басынан мониторингтік топтар 127 рейд өткізіп, 643 нысанды ұамтыды. Нәтижесінде шектеу шараларын бұзған 15 тұлғаға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар