СҚО-да артық жолаушы отырғызған автобус жүргізушілері жазаланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бір күнде қоғамдық көлік жүргізу ережесін бұзуға қатысты 134 дерек анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шамадан тыс зиянды зат шығаратын көлікті пайдалану, жолаушы, жүк тасымалдау ережелерін бұзу, заңсыз қайта жабдықтау секілді фактілер жиі кездесіп жатыр. Кей жүргізушіде, тіпті, көлік жүргізуге қажетті құжаттар болмай шықты.

«Түркістан облысына бара жатқан автобуста жолаушылар саны отыратын орындықтан көп екені анықталды. Осыған байланысты, 43 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Петропавлдан Сарыағашқа бара жатқан басқа бір автобуста алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек жоқ», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Арыстан Сұлтанғазиевтің айтуынша, мұндай операцияларды өткізудегі басты мақсат - жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апатының алдын алу.

Соңғы жаңалықтар