СҚО-да арнайы экономикалық аймақ құрылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өнімі экспортқа бағытталған кәсіпорындарды біріктіретін «Qyzyljar» атты арнайы экономикалық аймақ құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жағымды жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Қымбатты достар, менің сіздерге айтар жақсы жаңалығым бар. Бүгін ҚР Үкіметінің «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы қаулысы шықты. Мұның Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызы зор. Арнайы экономикалық аймаққа заманауи және өнімі экспортқа бағытталған өндіріс орындары кіреді. Бұл кәсіпорындарда жаңадан 3 мың жұмыс орны ашылмақ. Алғашқы кезеңде 160 млрд теңге инвестициялық қаржы жұмсалады. Арнайы экономикалық аймақ 25 жыл жұмыс істеп, осы аралықта 1,5 трлн теңгенің өнімі шығарылады», - деп жазды Құмар Ақсақалов.

Бұл – Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінде ашылып отырған алғашқы және жалғыз арнайы экономикалық аймақ. Нәтижесінде, азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, жиһаз, электроника мен машина жасау өнідірісі бір жерде болады. Бұдан бизнестің ұтары көп. Мемлекет инфрақұрылымды тартып, жеңілдетілген салық жүйесін енгізеді.

«Біздің арнайы экономикалық аймақ алыс-жақын шетелдің, РФ мен еліміздің басқа облыстарының инвесторларын қызықтырады ғой деген сенімдеміз. Бұл жоба өңірдің дамуына зор үлес қоспақ», - деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар