СҚО-да ардагерлер жеңілдікпен берілуі тиіс отынды 20 жыл бойы ала алмай келген

None
None
ПЕТРОПАВЛОВСК. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық табиғатты қорғау полициясы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің құқықтарын қорғады, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселені анықтау барысында мәлім болғанындай, «ҰОС қатысушылары мен мүгекдектерінің және оларға теңестірілгендерің жеңілдіктері мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңында аталмыш санаттағы азаматтарға жеңілдікпен отын беру мәселесі қарастырылған. Алайда тиісті тәртіптің болмауына байланысты 22 жылға жуық уақыт бойына аталған талап орындалмай келген.

«Прокуратураның араласуымен жеңілдікпен отын беру мәселесі жолға қойылды. Осы талапты жүзеге асыру азаматтардың жекелеген топтарының отынға деген зәруліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді»,-деді қадағалаушы органдағылар.

Соңғы жаңалықтар