СҚО-да әрбір төртінші кәсіпорынды қыз-келіншектер басқарады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов солтүстікқазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты жиын Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтті. Кездесуге келген қыз-келіншектерге театр фойесінде гүл шоқтары ұсынылып, олардың мерекелік көңіл күйлері еселене түсті.

Өз сөзінде өңір басшысы әйелдер қауымының ел және өңір дамуына қосып жатқан үлесі зор екенін атап өтті. Қазір мемлекеттік органдарда әйелдер басшылық қызмет атқарып жүр. Өңірде әрбір үшінші депутат - нәзік жанды. Мемлекеттік қызметшілердің 63 пайызы әйелдер болып табылады. Өңірдегі әрбір төртінші кәсіпорынды қыз-келіншектер басқарады. Қызықты жайт - Солтүстік Қазақстан облысы аудан әкімдерінің әйел орынбасарлары саны бойынша елде көш басында.

«Біздің облыс республикада аудан әкімдерінің орынбасарлары саны бойынша бірінші орын алады. Басшылықта жүрген әйелдер ер адамдарға қарағанда жүктелген міндеттерді мінсіз атқарады, яғни жауапкершіліктері жоғары. Біз әйел азаматтарды мемлекеттік қызметке тартып, басшылыққа ұсынуды жалғастыра береміз. Менің ойымша, әйелдер аудан әкімі болатын кез келген сияқты», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы отбасы мен қоғамда ерекше орын алатын ананың маңызды рөлін атап өтті. Көп балалы аналарға облыс әкімі «Күміс алқа» белгісін табыс етті. Сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар әйел облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

null null null

Ақерке Дәуренбекқызы

Соңғы жаңалықтар