+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

СҚО-да алты күннен бері 29 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

2021 жылғы 26 шілде 13:51
Бөлісіңіз:
СҚО-да алты күннен бері 29 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үйден кетіп, қайтып оралмаған 29 жастағы жігітке іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО волонтерлері мен полиция 1991 жылы 15 қыркүйекте туған Арман Бауыржанұлы Әмреновке іздеу жариялады. Жігіт 21 шілде күні Шал ақын ауданы Еңбек ауылындағы әжесінің үйінен шығып, белгісіз жаққа кеткен.

Жоғалған ер адамның бойы 180 см, шашы ақшыл-қоңыр, қой көзді, арықша келген. Кіндігінің тұсында лазермен жасалған отадан қалған екі кішкентай тыртық бар.

Сол күні үстінде көк джинсы шалбар, ақ түсті футболка, сұр күрте және кроссовка болған.

Жоғалған адам жайында қандай да бір хабары барлар 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT