СҚО-да алты елікті заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 6 сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қызылжар ауданы аумағында болған. Күдіктілерді Орман шауашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов ұстауға көмектескен.

28 қараша күні ол Желяково ауылы маңынан өтіп бара жатып, жолдың жиегінде жатқан екі елікті байқайды. Көлігін жасырып, полицияға хабар беріп, аңшыларды күтіп алмақ болады. Мемлекеттік қызметші учаскелік полиция инспекторына қоңырау соғып, мән-жайды айтып

болғанша, әлгі жерге УАЗ автомобилі келіп тоқтаған. Жақын маңда рейдте жүрген Қызылжар ауданының полиция бөлімі қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, ауданның бес тұрғынын ұстады.

Көліктің жүксалғышында үш сібір елігінің еті бөлшектеп салынған пакеттер табылды. Сондай-ақ 3 мылтық, 16 оқ-дәрі, 2 пышақ алынды.

«Жедел-тергеу тобы бөлшектенбеген тағы бір жануардың етін және мылтықты тапты. Автомобиль арнайы тұраққа қойылды. Аталған факті «Заңсыз аң аулау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қабылданды. Жалпы ауданда жыл басынан заңсыз аң

аулаудың 5 фактісі анықталды», - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.


Соңғы жаңалықтар