СҚО-да алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаментінің бастығы, өңір коменданты Марат Төлебаев төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты қандай шектеулер енгізілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаментінің бастығы, облыс комендаты Марат Төлебаев жергілікті телеарна арқылы тұрғындарға үндеу жариялады. Ол өңірде төтенше жағдай жариялануына байланысты бірқатар шектеулер енгізілгенін ескертіп, тұрғындарды талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Өйткені, оны орындамағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«5-19 қаңтар аралығында облыс аумағында төтенше жағдай режимі жарияланды. Түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін комендаттық сағат орнайды. Жеке тұлғалар мен көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. СҚО-ға кіріп-шығу шектелді. Осы аралықта спорттық, бұқаралық, отбасылық мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Көңіл көтеру орындарының жұмысы шектелді, алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ қару-жарақ дүкендері уақытша жабылды», - деді Марат Төлебаев.

Облыс коменданты жеке басын қауіп-қатерге тікпеу үшін тұрғындарды аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырды.

«Сабырлық сақтап, арандатушылыққа бой бермеуге шақырамын. Тек қана ресми ақпаратты негізге алуды сынамын. Құқық қорғау органдары тқрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін барлық шараны қолданып жатыр», - деді Марат Төлебаев тұрғындарға арнаған үндеуінде.


Соңғы жаңалықтар