СҚО-да алимент төлемеушілер мен борышкерлер іздестіріліп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары алимент төлемеушілер мен борышкерлерді іздестіру бойынша үш күндік акция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көші-қон қызметі басқармасы ұйымдастырған акцияның мақсаты - іздеудегі тұлғалардың жүрген жерін анықтау.

Акцияның басында полицейлер 117 іздеп табуы керек болды: оның ішінде 28 алимент төлемеуші, 60 борышкер бар. Қалған 29 адамға «туыстық қарым-қатынасын жоғалтқан тұлға» санаты бойынша іздеу жарияланған.

«Соттан құжаттар келгеннен кейін миграциялық қызметтің мамандары іздестіру шараларын қолға алады. Рейдтер өткізіліп, іздеуде жүрген адам тұруы мүмкін мекенжайлар тексеріледі. Табылмаған жағдайда оның суреті, белгілері басқа өңірлерге жіберіледі. Табылып жатса одан түсініктеме алып, қажетті құжаттарды жинап, істі тоқтату үшін тиісті органдарға жібереміз», - дейді СҚО ПД Миграциялық қызмет басқармасының бастығы Талғат Әбілев.

Рейд кезінде көші-қон қызметінің мамандары түсіндіру жұмысын жүргізді. Тұрғындарға Миграциялық қызмет орталығының жұмысы таныстырылып, мамандардың қызметтік телефон нөмірлері берілді. Сондай-ақ борышкерлерге ел аумағынан тыс жерлерге тек қарызын өтеген жағдайда ғана шыға алатындығы ескертілді.

Акция басталғалы облыс полицейлері іздеудегі 22 адамның жүрген жерін анықтады, оның 8-і алимент төлеуден жалтарған болса, тағы соншасы борышкер және 6 адам - туыстарымен қарым-қатынасты бұзған.

Соңғы жаңалықтар