+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

СҚО-да әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 5,5 млрд теңге жиналды

2019 жылғы 9 желтоқсан 22:54
Бөлісіңіз:
СҚО-да әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 5,5 млрд теңге жиналды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қорға 5,5 млрд теңге аударым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
МӘМС: Медсақтандыру қорына елордалықтар 28 млрд теңге жарна салды Түркістанда медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы түсіндірілді Түркістан облысындағы медицина мекемелері міндетті медсақтандыруға толық дайын

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан филиалы өңір бойынша қорға соңғы айдағы түсімдер туралы ақпарат берді.

«2017 жылдың бірінші шілдесінен бастап жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер аударымдар түрінде төлемдер жасап жатыр. Барлық түскен қаражат сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. МӘМС бойынша медициналық көмек көрсету басталғанға дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бюджет арқылы қаржыландырады», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Лариса Гордеева.

Қазіргі таңда қорда барлығы 234 млрд теңге жинақталған, оның 224,8 млрд теңгесін жұмыс берушілер салса, 8,9 млрд теңгесі жарна ретінде жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалардан түскен. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың қатарына жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалдамалы қызметкерлер, дербес төлеушілер қосылады. Жеңілдігі бар санатқа кіретін азаматтар үшін де мемлекет аударым жасай бастайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық сақтандыруға қатысты мәселе туындаған жағдайда 1406 бірыңғай нөміріне тегін хабарласып, орталық кеңесшілерінен жауап алуға болады. 9 желтоқсаннан бастап қоңыраулар сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін қабылданады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеңесшілер тәулік бойы жұмыс істемек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT