+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да ақша беріледі деген жалған хабарлама WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр

2021 жылғы 25 қараша 15:36
Бөлісіңіз:
СҚО-да ақша беріледі деген жалған хабарлама WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғандығын айтып, халықты ескертіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды СҚО-да инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 504 сырқат ем алып жатыр СҚО-да 80-ге жуық қайыршы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық полиция басқармасына Петропавл тұрғыны арызданып, WhatsApp мессенджерімен күдікті хабарлама алғандығын айтқан. Хабарламада «Halyk Bank» өзінің 98 жылдығына орай акция ұйымдастырып жатқандығы айтылған. Банк әр қазақстандыққа 50 мың теңге бермек-мыс. Ал, ақшаны алу үшін ұсынылған сілтемеге өту керек.

«Бұл сілтеме сауалнамасы бар веб-параққа апарады. Ол адамның дербес деректерін білуге негізделген. Ал құпия мәліметтерді жариялау арқылы біреулерге өз қаржыңызға жол ашасыз. Банк өкілдері акция туралы ақпаратты жоққа шығарды. Мұндай хабарламалар әлеуметтік желілерде соңғы кезде жиі кездеседі. Соның бірінде Covid-19 пандемиясына байланысты көмек ретінде 50 мың теңге берілетіндігі айтылады. Бұл да алаяқтардың ойлап тапқаны», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бірінші бөлім бастығы Тілеген Әлжанов.

Полицейлердің айтуынша, алаяқтар фишингтік сілтемелерді де жиі қолданады. Олар өте қауіпті. Сілтемемен өту арқылы компьютерді немесе мобильді құрылғыдағы банкингті қашықтан басқаруға болатын вирусты жұқтыруға болады. Тәртіп сақшылары тез пайда әкелетін уәделерге сенбеуді, күдікті сілтемелерге өтпеуді және олармен ешкімге хабарлама жібермеуді сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT