+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да аққуды атқан ер адам сотталды

2021 жылғы 19 қазан 20:13
Бөлісіңіз:
СҚО-да аққуды атқан ер адам сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енген аққу атып алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда сәбиін өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты Қазақстан америкалық компанияны сотта жеңді Стати жеңілісін мойындады: ҚР Ұлттық қорының 530 млн доллар активіне салынған тыйым алынады

СҚО Айыртау аудандық сотының мәліметінше, заңсыз аңшылыққа қатысты қылмыстық іс бүгін сотта қаралды. Ш. есімді ер адам 18 қыркүйек күні орманға аң аулауға шыққан. Жолда Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққуды көріп, аңшылық етуге тиісті құжаттары болмаса да атып алған. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жазбаша және заттай дәлелденді.

«Ш.-ға қатысты қылмыстық іс сотқа жеделдетілген сотқа дейінгі тергеумен түсті. Прокурор сотталушыға қатысты 3 жылға бас бостандығын шектеу және 7 жылға дейін аңшылық ету құқығынан айыруды сұрады. Қылмыстың бұл түріне айыппұл, қоғамдық орында жұмыс, түзету жұмысы, 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсін мойындауы оның жазасын жеңілдетті. Сондай-ақ сот оның бұған дейін сотталмағанын ескерді.

Нәтижесінде Айыртау аудандық соты ер адамның 3 жылға бас бостандығын шектеп, 7 жылға дейін аңшылық ету құқығынан айыруға үкім шығарды. Бұдан басқа сотталушы келтірілген шығынның орнын толтырды, ал аңшы мылтығы тәркіленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT