СҚО-да әкімдік кәсіпкердің жылыжайына жарық бергізбей, әкімшілік кедергі жасаған

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда әкімдік бизнестің аяғынан шалу үшін жасанды әкімшілік кедергілер жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикор қызметіне сілтеме жасап.

СҚО Қызылжар ауданында 2022 жылдың қараша айынан бастап жылыжайды электр қуатына қоспаған.

24 қаңтарда кәсіпкер СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жергілікті атқарушы органның іс-әрекетін айтып шағымданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында ЖК басшысы коммерциялық объект үшін электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде әкімшілік кедергіге тап болғаны анықталды.

Антикордың аумақтық бөлімшесі аудандық сәулет бөлімімен кездесу өткізді. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта электр энергиясына қосылуға рұқсат берілген.


Соңғы жаңалықтар