СҚО-да АИТВ жұқтырған 13 бала есепте тұр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 18 адам АИТВ (адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы) жұқтырған, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 33 жағдайға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі СҚО орталық баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде 18 адамда АИТВ анықталған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 33 жағдайға – 64,7 %-ке аз.

«Биыл ВИЧ-ті жыныстық жолмен жұқтырғандар саны артып отыр. 12 адам немесе 66,7 %-ы осылайша ауырған. Қалған жұқтырғандар инъекциялық жолмен есірткі қабылдайтындар. АИТВ анықталғандардың 10-ы - 55,6 %-ы жұмыс істемейді. Орташа жасы – 40-49 аралығында», - дейді эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Наталья Гордымова.

Былтыр да, биыл да балалар арасында АИТВ жұқтырғандар анықталмаған. Десек те қазір орталықтың есебінде қауіпті инфекцияны жұқтырған 13 бала есепте тұр.

Мамандардың айтуынша, былтыр ЖИТС (жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы) орталықтың зертханасына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа қондырғылар сатып алынды. Бұл ауырғандарды анықтауды жақсартуға мүмкіндік бермек.

Қазір СҚО-да АИТВ жұқтырған 1 238 адам есепте тұр.



Соңғы жаңалықтар