СҚО-да Әдеп кодексін бұзғаны үшін алты мемлекеттік қызметші жазаланды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексін бұзғандар саны биыл 45%-ға кеміді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненконың айтуынша, Әдеп кодексінің нормаларын бұзған 6 адам жауапқа тартылды. Мемлекеттік қызметшінің абыройына нұсқан келтіргені үшін тағы 7 адам жазаланды. Жалпы, биыл тәртіптік жаза саны 35%-ға кеміген. Былтыр 369 мемлекеттік қызметші жазаланса, биылғы жарты жылдықта 273 адам жауапқа тартылған.

«Департамент тәртіптік комиссиялардың жұмысына тұрақты негізде талдау жасайды. Биылғы жарты жылдықта тексерістің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшіге жасалған тәртіптік жаза актісінің күшін жойдық. 76 адамнан жаза мерзімінен бұрын алынды. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты 6 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 152 заңбұзушылық анықталды», - дейді Елена Степаненко.

Жалпы, қазіргі уақытта СҚО-да 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Биыл 1,5 мың адам қызметке тұру үшін өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Десек те, олардың тек 31,1%-ы ғана заңнамаларды білуден өткен тестілеуде шекті балды жинай алды.


Соңғы жаңалықтар