СҚО-да адамгершілікке жатпайтын қылық көрсеткен мұғалім мен мектеп директоры жұмыстан босатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында аудандық прокуратураның кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау бойынша ұтқыр тобы мектептердің бірінің мұғалімін жауапкершілікке тартты,

деп хабарлады СҚО қадағалау органының баспасөз қызметінен.

Прокуратура қызметкерлері К. Әсімжанова деген мұғалімнің алгебра сабағында басқа оқушылардың көз алдында қайшымен бір оқушының кекілін қиып тастаған. Кейін маңдайына қаламмен «Екіге оқитын бала» деп жазып, оны өшірмеуге бұйырған.

«Осы жағдайдан кейін кешкі тоғызға дейін бала ауылдан бір жарым шақырым жердегі орманда жүрген. Өзінің бұл әрекетін ол сынып жетекшісінен қорқып, мектепке барғысы келмейтіндігімен түсіндірген», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Оқушылар прокурорларға осы оқиғадан кейін екі күннен соң сынып жетекшісінің болған жағдай туралы олардың ешкімге тіс жармауы туралы сұрағанын айтқан. Ол үшін оқу жылының бірінші тоқсанында алгебра пәні бойынша бәріне «бес» қоюға уәде берген.

Аудан прокурорының шешімі бойынша, ол ҚР Еңбек кодексіне сай қызметінен босатылды.

Дәл сол күні Бауман орта мектебінің директоры К.Қарабаева да жұмыстан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар