СҚО-да 900 млрд теңгенің 53 инвестициялық жобасы жүзеге аспақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде жаңадан 7 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен 11 айдың ішінде өңірге тартылған инвестиция 20,4 %-ке артқан. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен анағұрлым жоғары.

Жалпы облысқа 2019 жылмен салыстырғанда 36,9 млрд теңге артық, яғни барлығы 226 млрд теңге инвестиция келген.

Өңірде 900 млрд теңгенің 53 инвестициялық жобасы іске қосылмақ. Нәтижесінде жаңадан 7 мың жұмыс орны құрылады деген жоспар бар.

Биыл облыста кірпіш зауыты, автоклавты кірпіш пен плиталарды шығаратын кәсіпорын ашылады. Қаңтар айында фанера комбинаты жұмысын бастайды.

Петропавлдағы ірі кәсіпорын «Радуга» ЖШС қағаз өндірісін жолға қоймақ.

Бұған дейін биг-бэг, термос вагондар өндірісі іске қосылды. Қазір ірі жоба – Дата-орталықтың құрылысы жүріп жатыр.

«2019 жылдың соңында облыста «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл біздің кәсіпкерлер мен инвесторларға тиімді. Оларға салықтық және кедендік жеңілдіктер жасалады. Бір жылдың ішінде біз 3 жобаны бастадық, олар: электртехникалық қондырғы шығаратын кәсіпорын, көпсалалы облыстық аурухана және ауылшаруашылығы техникасын шығаратын немістің «CLAAS» компаниясының зауыты құрылыстары», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

СҚО-да болашағы зор инвестициялық жобаларды іске қосу арқылы алдағы 5 жылда өнеркәсіптік өнімді 70-80 млрд теңгеге арттырып отыру көзделген.


Соңғы жаңалықтар