СҚО-да 90,5 мың адам тұмауға қарсы екпе алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 90 мың 558 адам тұмауға қарсы екпе алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны артқан. Алайда бұл маусымдық ауырумен байланысты. Эпидемиологиялық жағдай бақылау деңгейінен асқан жоқ.

«Эпидемиологиялық маусымның 40 аптасынан 50 аптасына дейін жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырудың 14 390 жағдайы тіркелді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 42 %-ға артық.

ЖРВИ диагнозымен 491 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 12-сі жүкті әйел, 145-і – 1 жасқа дейінгі нәресте. Эпидмаусымның 50-ші аптасында Петропавлда А типті тұмаумен ауырудың 2 жағдайы тіркелді. Былтыр облыста тұмау тіркелген жоқ», - дейді Әсет Жұматаев.

Облыстың бас санитар дәрігерінің айтуынша, биыл тұмауға қарсы 90 558 адам, яғни барлық тұрғындардың 16,5 %-ы екпе салдырды. Оның 90 488-і жегілікті бюджет есебінен тегін вакциналанды. Ал 70 адам ақылы түрде екпе қойдырды.

Мұның алдында СҚО-да коронавируспен ауырғандардың азайғанын айтқан едік.

Десек те КВИ-ға қарсы вакцинация қарқыны төмендеп кеткен. Әлі 103 мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдыруы тиіс.


Соңғы жаңалықтар