+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

СҚО-да 9 жасар баланы көлігімен қаққан жүргізуші табылды

2021 жылғы 4 шілде 01:37
Бөлісіңіз:
СҚО-да 9 жасар баланы көлігімен қаққан жүргізуші табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда велосипед теуіп жүрген 9 жасар баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысып, бір адам қаза тапты

29 маусымда Жұмысшы кентінің Пугачев көшесінде болған еді. Велосипед мінген 9 жасар баланы «Audi-100» көлігі қағып, жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті. Ер бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Полиция мәліметінше, автокөлік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайдан анықталды. Қаланың 43 жастағы тұрғыны оқиғадан келесі күні табылды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

«Жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты Полиция департаментінің басшылығы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты күшейтуді шешті. «Қауіпсіз жол» облыстық шұғыл-алдын алу шарасының мақсаты – жол апаттары санын азайту, жүргізу мәдениетін арттыру. Бұл, әсіресе, балалар көп уақытын далада өткізетін жазғы уақытта аса өзекті. Осы кезде жүргізушілерден аса қырағылық талап етіледі», - деді СҚО Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев.

Рейд 2-11 шілде аралығында өткізілуде.

Алғашқы күні облыс жолдарында ереже бұзудың 491 фактісі анықталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT