СҚО-да 9 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылында көмек керек

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында материалдық жағдайы төмен отбасылардың 9 мыңнан астам баласын мектепке дайындауға көмек қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да материалдық көмек қажет ететін тұрмысы нашар, көп балалы отбасылардың және жалғызбасты аналардың балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында қолдау көрсетіліп жатыр.

Петропавлдағы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болған, 2015 жылы 31 желтоқсан күні облыс орталығында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан Алтынбек Әбдірахмановтың отбасында болды.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтынбек Әбдірахманов 27 жасында мерт болды. Оның зайыбы Жанар Әбдірахманова бүгінде 10 жасар қызы Дария мен 8 жасар ұлы Ерасылды жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр. Өрт сөндірушілер балаларға мектепке қажет оқу құралдарын сыйлады.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, өңірде материалдық жағдайы төмен отбасылардың 9 мыңнан астам баласы бар. Олардың 2 300-ге жуығы атаулы әлеуметтік көмек алып жүр.

«Күн сайын балаларға мектеп формасы мен аяқ киім сатып алуда көмек сұрайтын ата-аналардан және олардың заңды өкілдерінен өтініш келіп жатады. Биыл мектеп формасын және кеңсе тауарларын алып беру мақсатында 70 млн 490 мың теңге бөлінген. Бүгінге дейін 1 865 балаға 37 млн 973 мың теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде 474 мектеп оқушысы қолдауды демеушілердің есебінен қабылдады», - дейді басқарма мамандары.


Соңғы жаңалықтар