СҚО-да 9 қазаннан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев жаңа қаулыны бекітті, өңірде шектеу шаралары күшейтілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 қазан күні күшіне енетін құжатқа сәйкес, мәдениет нысандарында дайындықтарды жүргізуге, сондай-ақ театр, кинотеатр, бильярд, балалардың ойын орталықтары, компьютер клубтары, боулингтер мен аквапарктердің, түнгі клубтардың, банкет залдары мен караоке клубтардың жұмысына тыйым салынады.

Бұдан былай спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтіп, түрлі форум-конференциялардың жұмысына, отбасылық мерекелер мен ас берулерге, көрмелерге, корпоратив кештерін өткізуге рұқсат жоқ.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары адам санын 15-тен асырмай жұмыс істей алады. Сұлулық салондары мен орталықтары, шаштараздар, медициналық орталықтар, стоматологиялар – алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды. Ал мейманханалар мен қонақ үйлер толымдылықты 80 %-дан асырмаулары тиіс.

Жабық базарлар, СПА-орталықтар, бассейндер мен спорт кешендері сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады. Ал қоғамдық тамақтану орындары сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ғана және адам санын 30-дан асырмай, 50 % толымдылықпен ғана жұмыс істемек. Асханалар сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін ашық болмақ. Ал аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтары сенбі-жексенбі жұмыс істемейді.

Бұл шектеулердің Ashyq жобасына қатысушыларға қатысы жоқ. Олар қосымша талабына сай «сары» мәртебе бойынша жұмысын жалғастырады.

СҚО 2 қазаннан бері бері «қызыл» аймақта. Коронавирусты жұқтырғандар саны қайта артып келеді.


Соңғы жаңалықтар