СҚО-да 80 адам «оралман» мәртебесін ұзартты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Оралман» жедел-профилактикалық іс-шара аясында тарихи Отанға оралған азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде бүгінде ықтиярхаты бар 531 этникалық қазақ тұрып жатыр. Тәртіп сақшыларының міндеті оларға «оралман» мәртебесін созуға немес алуға болатындығын , кейін құжаттарын дұрыстағаннан кейін ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ресімдей алатындығын түсіндіру.

«Тұңғыш Президент биыл16-наурызда «оралман» мәртебесінің мерзімін өткізіп алған этникалық қазақтарға жеңілдетілген түрде ҚР азаматтығын беруді тапсырды. Осыған орай СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев миграциялық қызмет мамандарына кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Жалпы жыл басынан өңірде 80 шетелдік осы мүмкіндікті пайдаланды», - дейді СҚО ПД Миграциялық қызмет басқармасының бастығы Талғат Әбілев.

71 жастағы зейнеткер 2017 жылы Қорған облысынан Қызылжарға қоныс аударып, тұру ықтиярхатын алған. Бүгінде оның екі жыл бұрын алған «оралман» куәлігінің мерзімі өтіп кетіпті. Мүмкіндікті пайдаланып куәлігінің мерзімін ұзартқан ол енді жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырмақ.

«Мәртебесінің уақыты өтіп кеткен оралмандар оны ұзарту үшін жергілікті атқарушы органдарға барулары керек. Кейін жеңілдетілген түрде азаматтық алу үшін құжаттарын ішкі істер органдарына тапсырулары керек», - дейді Талғат Әбілев.

СҚО-да жыл басынан ҚР азаматтығын алуға 64 этникалық қазақ құжаттарын тапсырған. Сондай ақ өңірде тұрып жатқан шет елдің 80-нен астам азаматы биыл ҚР азаматтығын алды.

Соңғы жаңалықтар